Инженерлік орталық өз жұмысын іс жүзінде қалыптастырылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ететін толық ақпарат ресурстары, ұйымдастыру құрылымы және жүйелі-техникалық кешендері болмай тұрып бастады. Бүгінгі таңда биліктегі заң тарауының ақпарат ресурстарын қамтитын ҚР Парламентінің ақпараттық қорлары, ҚР Парламентінің қызметін ақпараттық қамтамасыз етуін талдау, осы саладағы тәжірибе, проблемалар, жетістіктер туралы айтуға болады. Инженерлік орталық Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметін, дауыс берудің электрондық жүйесін пайдалану, дыбыс күшейту, қос Палатаның жалпы отырыстарының, палаталардың Бюролары мен тұрақты комитеттері отырыстарының сөздерін және ілеспе аудармасын жазу, стенографиялау, жергілікті желілердің есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу, Парламент іс-шараларының сапалы бейне- және фото жазбаларын, бейне материалдарын жазу және монтаждауды жүргізеді: Парламенттің жеке телестудиясында депутаттармен сұхбат, көшпелі іс-шаралар, ресми кездесулердің тікелей көрсетілуін жүзеге асырады.
• АЖ және қосымшаларды әзірлеу және ендіру
• АЖ және қосымшаларды сүйемелдеу және жаңғырту
• Мобильді технологияларды дамыту
• ДК, ұйымдастыру техникаларын, телефон және теледидар жабдықтарын пайдалану және қызмет көрсету
• Серверлік, желілік және коммутациялық жабдықты әкімшілендіру және сүйемелдеу
• Диагностикалық және профилактикалық жұмыстар
• Дыбыс күшейту жабдығына, сөзді синхронды аударудың көп арналы жүйесіне, аудиожазбаға, электрондық дауыс беру жүйесіне, ақпаратты бенелеп көрсету жүйесіне қызмет көрсету
• Парламент Палаталарының іс-шараларын стенографиялауды қамтамасыз ету
• Парламентте, МТҚБ-да және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау
• Парламент Палаталары мен МТҚБ-ның ведомстволық архиві қызметін қамтамасыз ету
• Парламент Палаталарының электрондық архивін жүргізу
• Фото және видео жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету
• Парламент Палаталарының, МТҚБ мен оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының іс-шараларын фото және бейнемен сүйемелдеу
• Күзетілетін адамдардың қызметін жария ету
• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Телефон:
Сенім телефоны:
Факс:
E-mail: